Notice: Функция _load_textdomain_just_in_time вызвана неправильно. Загрузка перевода для домена newsmatic была запущена слишком рано. Обычно это индикатор того, что какой-то код в плагине или теме запускается слишком рано. Переводы должны загружаться при выполнении действия init или позже. Дополнительную информацию можно найти на странице «Отладка в WordPress». (Это сообщение было добавлено в версии 6.7.0.) in /var/www/turkestan_hosting/data/www/shetpemtk.edu.kz/wp-includes/functions.php on line 6260
Маңғыстау техникалық колледжі - Біздің сайтқа қош келдіңіз! - Page 59

Колледж ауласында сенбілік өткізілді.

Бүгін колледж  қызметкерлері  оқу орнының ауласында сенбілік жұмыстарын жүргізді. Қоршаған ортаны таза ұстау және колледж аумағын абаттандыру мақсатында өткізілген бұл шара барысында ағаштар түптеліп,  аумақ ретке келтірілді.

Read More

WorldSkills-2024

Бүгін Маңғыстау техникалық колледжінде WorldSkills-2024 колледжішілік чемпионатының жабылу салтанаты өтті.Шараға әлеуметтік серіктес мекеме «Дария’ коммуналдық шаруашылық мекемесінен инженер Қ.Құсайынов қатысты.Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Read More

«Таза сессия» акция

Бүгін Маңғыстау техникалық коледжі оқытушыларына «Таза сессия «акциясы аясында жиналыс өтіп,сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу  жөнінде нақты тапсырмалар берілді.Жиналыста Б.Шанкенова сессия кезінде орын алуы мүмкін  заң бұзушылық  әрекеттердің салдары, колледжде жұмыс жасап тұрған сенім телефоны туралы ақпарат берді.#біртұтастәрбие

Read More

«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша өндірістік тәжірибе сабағы

«Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Д-04-21 тобы өндірістік тәжірибе сабағында. Тәжірибе жетекшілері Қ.Ондағанова мен А.Қалдығұл. Тәжірибе мақсаты:Студенттерді оттегі кесу құрал-жабдықтарымен таныстыру, дәнекерлеу іс- тәжірибеде білімдерін жинақтау , дәнекерлеу құрал-жабдықтарды қолдануды үйрету. Студенттерге терең және берік білім беруге, еңбекке деген жоғары кәсіптік шеберлік шығармашылығын қалыптастыру.

Read More

“Автокөлік доңғалағы” тақырыбында ашық сабағы өткізілді

“Болашақ кілті-білікті маман” арнайы пәндердің апталығында арнайы пән мұғалімі Ш.Нұрбосынова “автокөлік доңғалағы” тақырыбында ашық сабағы өткізілді.  Мақсаты: Автокөлік доңғалағының түрлерін ажырату. Станоктарды пайдалана отырып,қалай қолданылу керектігін түсіндіру.

Read More

Кәсіби бағдар беру жұмыстарын бүгін оқытушылар Н.Тәжиева,Ш.Нұрбосынрва   М.Атымов атындағы орта мектептің   9-сынып оқушыларына колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырып,шара өткізді..

Мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруде әртүрлі сұрақтар қойылып, оқушылар да қызығушылықтарын танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.                  Колледжде оқытылатын мамандықтар туралы бейнероликтер көрсетілді. #кәсіптікбағдарберу #жұмысшымамандықтаржылы2025

Read More

«Еңбек түбі береке»

27 09.2024 ж. Маңғыстау техникалық колледжінде АКЖ-03-24 тобына топ жетекшісі Н.Сүлеймен «Еңбек түбі береке» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушылар еңбек ету, табандылық пен ынтаның маңыздылығын түсініп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Тәрбие сағатында әрбір оқушының еңбектің берекесі туралы жеке ойларын ортаға салып, тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай іс- шаралар жастарға еңбек етуге, мақсат қоюға…

Read More