maxioma

15.11.24 ж. күні Жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ғажайып әлемге- кемел біліммен » апталығының жабылу салтанаты өтті

15.11.24 ж. күні Жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Ғажайып әлемге- кемел біліммен » апталығының жабылу салтанаты өтті. Оқытушылар мен студенттер апталық жұмыстарында белсенділігі және өткізілген іс-шараларға қызығушылықпен қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Читать далее

15 қараша күні » Ғажайып әлемге- кемел біліммен» жалпы білім беретін пәндер апталығында тарих пәнінің оқытушысы Арайлым Олжабаева “Ғажайып тарих” тақырыбында топ сағатын  өткізді.

15 қараша күні » Ғажайып әлемге- кемел біліммен» жалпы білім беретін пәндер апталығында тарих пәнінің оқытушысы Арайлым Олжабаева “Ғажайып тарих” тақырыбында топ сағатын  өткізді. Мақсаты:Студенттердің тарих пәніне қызығушылығын,ынтасын арттыру,ой-өрісін,танымдық қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру,дағдыларын қалыптастыру.

Читать далее

Маңғыстау техникалық колледжінде 17қараша -Халықаралық студенттер күніне «Студенттік өмір-көтеріңкі көңіл»мерекелік шарасы өтті.

Маңғыстау техникалық колледжінде 17қараша -Халықаралық студенттер күніне «Студенттік өмір-көтеріңкі көңіл»мерекелік шарасы өтті. Студенттерді мерекемен құттықтап ,сынақ кітапшасы мен студенттік билетті Ж.Күзембаев тапсырды.Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы директоры м.а. А.Құлшықов студенттерге мерекелік лебізін білдіріп,белсенді жастарды марапаттады.Мереке қарсаңында өткізілген шағын футбол жеңімпаздары да марапатталды.Шара соңы концерттік бағдарламаға жалғасты.#біртұтас_тәрбие

Читать далее

Бүгін колледж мейірбикесі А.Аманбаева «Нашақорлық — ғасыр дерті» тақырыбымен студенттерге дәріс оқыды.

Мақсаты- нашақорлық адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған,есірткінің зиянды екенін түсіндіре отырып,саналыққа ,салауатты өмірді таңдауға ,тазалыққа ,жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Шара барысында студенттерге бейнеролик көрсетілді.#біртұтас_тәрбие

Читать далее

Бүгін колледж инспекторы Н.Нухиев ,учаскелік инспектор А.Көшеров студенттермен кездесу өткізді.

Н.Нухиев жасөспірімдер қауіпсіздігі, құқық бұзушылықтардың алдын алу, орын алған құқық бұзушылықтарға қолданылатын тәртіптік шаралар туралы хабарлама жасап,студенттердің сұрақтарына жауап берді. #біртұтас_тәрбие

Читать далее

Маңғыстау техникалық колледжінде 12 қараша күні оқытушылар арасында эстафеталық сайыс өтті

Маңғыстау техникалық колледжінде 12 қараша күні оқытушылар арасында эстафеталық сайыс өтті.Мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлер арасында достықты нығайту, бірлікке жұмылдыру, бұқаралық спортты дамыту .Тартысты өткен сайыста «Достық»командасы жеңіске жетті.»Үздік капитан » өндірістік оқу шебері Ғ Мұратов ,»Ең үздік ойыншы» номинациясымен орыс тілі мен әдебиет пәні оқытушысы И Бекенаева ,» Ең белсенді» география пәні оқытушысы Г.Жұлдыз…

Читать далее

«Ғажайып әлемге-кемел біліммен»

«Ғажайып әлемге-кемел біліммен»жалпы білім пәндерінің апталығында география  пәнінің оқытушысы  Жұлдыз Гүлфариза » Геоэкологиялық аудандастыру» такырыбында ашық сабақ өткізді. Мақсаты:Геоэкологиялық аудандастыру ұғымын түсіну; Қазақстанның экологиялық аймақтарын білу;

Читать далее

Бүгін АЭ-09-24 тобының жетекшісі А.Олжабаева «Бейбіт-әңгіменің хас шебері » кураторлық сағатын өткізді.

Бүгін АЭ-09-24 тобының жетекшісі А.Олжабаева «Бейбіт-әңгіменің хас шебері » кураторлық сағатын өткізді. Мақсат-жазушының шығармашылығымен таныстыру ,көркем әдебиет оқуға баулу ,ойлау ,сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Студенттер Б.Майлин туралы постер қорғап ,жазушы шығармаларынан үзінді айтты.

Читать далее

Бүгін колледжде «Ғажайып әлемге-кемел біліммен»жалпы білім пәндерінің апталығының ашылуы өтті.

Әдіскер Ж.Күзембаев ашылу салтанатында апталық жоспарымен таныстырып,сәттілік тіледі. Апталықтың мақсаты: студенттердің білімге қызығушылықтарын арттырып,ізденімдері мен танымдарын қалыптастырып,өз бетінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту,мұғалімдер өзара тәжірибе алмасу. Білім жәрмеңкесінде студенттер  әр пән бойынша сұрақтарға жауап беріп ,сыйлықтарға ие болды.Апталық жоспары бойынша әр түрлі сайыстар , сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар қамтылған.

Читать далее