«Есірткіге жол жоқ!» челенджі!

Маңғыстау техникалық  колледжі білім алушылары салауатты өмір салтын насихаттау және тарату, балалардың физикалық, психологиялық және эмоционалдық денсаулығына ықпал еті, оларды кез келген жаман әдеттен саналы түрде бас тартуға ынталандыру мақсатында 2025 жылдың 27-31 қаңтар аралығында өткізілген республикалық «Есірткіге жол жоқ!» челенджіне қатысты.

Read More

Бүгін психолог Г.Амангелдіқызы аутодеструктивті мінез-құлықтардың алдын-алу мақсатында ақпараттық танымдық түсіндірме  жұмыстарын АЭ-08-23 тобына  жүргізді. Көңіл — куйіңді көтеріп, қуана біл кітапшалары таратылды.

Тұлғаның өмірлік мәні не? деген сұраққа өз ойлармен бөлісіп, жасөспірімдік кезеңде  орын алатын стрес және дағдарысты мәселелердің қалай алдын алып қорғану керектігін түсіндірді.

Read More

Қаратөбе атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Маңғыстау техникалық колледжі оқытушыларының Маңғыстау ауданы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 04 наурыз күні  Қаратөбе атындағы жалпы білім беретін орта мектептің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты Орта мектеп оқушыларына кәсіптік білім берудің маңызын түсіндіру, Маңғыстау техникалық колледжінің білім беру бағдарламаларын таныстыру, талапкерлерді…

Read More

Алаш ардақтысы Тұрар Рұсқұлов

Бүгін Маңғыстау аудандық орталық кітапханасында ұлт жанашыры Т. Рұсқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Алаш ардақтысы Тұрар Рұсқұлов»  атты конференциясы өткізілді. Бұл шараға кітапхана оқырмандары және Маңғыстау техникалық колледжінің студенттері, аудандық өнер мектебінің шәкірттері қатысты.   А. Меңдалыұлы атындағы мектеп мұғалімі Ә. Жұмаева Т. Рұсқұловтың өмірі мен еңбектері жөнінде толық мағлұмат беріп өтсе, кітапхана оқырмандары  зейнеткер…

Read More

«Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге»- деп Абай атамыз айтқандай , білімнің қайнар бұлағы ,адамның рухани қайнар бұлағы-кітап

«Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге»- деп Абай атамыз айтқандай , білімнің қайнар бұлағы ,адамның рухани қайнар бұлағы-кітап. Кітап-адамның нағыз досы.Кітап – адамның нағыз досы. Кітап — ең құнды қазына. Оның айтары ішінде. Сөзден өрнек құрып, кестеленген дүниені санада сәулелендіру, ешбір қимылсыз-ақ сізге мұң мен шаттық сыйлау келсе тек кітаптың қолынан келмек. Кітап ең жақын дос…

Read More